Қазақстанда автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелері өзгерді

Торговые отношения, торговля между странами, международная торговля, экспорт, товары, импорт, торговое сотрудничество, товарообмен, перевозка грузов, грузоперевозки, товарные контейнеры, контейнер, логистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2026 10:28 Фото: freepik
ҚР Көлік министрінің 2026 жылғы 28 ақпандағы бұйрығымен автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелеріне түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережелері "Автомобиль көлігі туралы" заңның 13-бабы 23-9 тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" заңның 10-бабы 1 тармақшасына сәйкес әзірленген.

Жаңа ережелер автомобиль көлігімен жүк тасымалдау және "Жылдам бұзылатын азық-түлік өнімдерін халықаралық тасымалдау туралы келісімге және осы тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдарына сәйкес берілетін куәлік" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін анықтайды.

Олар мыналарды қамтиды:

  • жүктерді жеткізу мерзімі;
  • автомобиль көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;
  • тауар-транспорттық накладная мен жол парағын қолдану тәртібі;
  • жүкті тиеу және түсіру пункттеріне қойылатын талаптар;
  • жүкті автомобиль көлігіне қабылдау, өңдеу, сақтау және тағайындалған жерге жеткізу тәртібі;
  • жылдам бұзылатын жүктерді өткізу тәртібі;
  • жарияланған құнмен жүктерді тасымалдау тәртібі;
  • жүктерді белгілеу және пломбалау тәртібі;
  • актілерді құру тәртібі;
  • жүк тасымалдау шарттарын өзгерту және бұзу тәртібі;
  • жүкті ұстап тұру тәртібі;
  • жеке түрдегі жүктерді тасымалдау тәртібі;
  • халықаралық тасымалдауда жылдам бұзылатын жүктерді тасымалдаушы көліктерді тексеру тәртібі;
  • жылдам бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын талаптар.

Сонымен қатар, автомобиль көлігімен жүк тасымалдау, оның ішінде экспресс-жүктерді тасымалдау, ҚР Азаматтық кодексінің, "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы", "Автомобиль көлігі туралы", "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңдардың, сондай-ақ тасымалдау ережелері мен шарттарының талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылады.

Халықаралық жүк тасымалдау, оның ішінде экспресс-жүктер, халықаралық келісімдер, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу кодексі", тұтынушылар құқығын қорғау туралы заң, автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау ережелері, Қазақстандағы халықаралық тасымалдау рұқсаттық жүйесін қолдану ережелері және осы ережелер талаптарын сақтау арқылы жүргізіледі.

Жүк тиеу және түсіру пункттеріне қойылатын талаптарда, кешкі және түнгі уақытта жарықтандыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормаларға сәйкес, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын орындау қауіпсіздігі талаптарына сай болуы тиіс екені нақты көрсетілген.

Сонымен бірге, түзетулер мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шағымдану тәртібін қайта қарауды да көздейді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарау келесі органдарда жүзеге асырылады: жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға немесе мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау және бақылау органымен белгіленген өкілетті орган.

Шағым қызмет көрсетушіге және (немесе) шешімі, әрекеті (әрекет жасамауы) бойынша шағымданылатын лауазымды тұлғаға беріледі.

Қызмет көрсетуші немесе шағымданылатын лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап ең кеші 3 жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қараушы органға жібереді.

Алайда, қызмет көрсетуші немесе шағымданатын лауазымды тұлға, егер 3 жұмыс күні ішінде шағымдағы талаптарды толық қанағаттандыратын шешім немесе басқа әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қараушы органға жолдамауға құқылы.

Қызмет алушының қызмет көрсетушіге жолдаған шағымы "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес, тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

Ал мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау және бақылау органына түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуы керек.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, сотқа жүгіну шағымды алдын ала (сотқа дейінгі) тәртіппен қарағаннан кейін ғана мүмкін болады (ҚР Әкімшілік процедуралық-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес).

Бұйрық 2026 жылғы 3 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі, тек 1 шілдеден бастап енгізілетін нормаларды қоспағанда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: