АҚШ Венесуэламен диалогты қалпына келтіру үшін жаңа дипломат тағайындады
Сурет: pixabay
АҚШ-тың Колумбиядағы елшілігі жанындағы Венесуэла мәселелері жөніндегі бөлімге уақытша сенімді өкіл болып Никарагуа мен Гондураста бұрын елші қызметін атқарған Лаура Догу тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған ақпарат АҚШ дипломатиялық өкілдігінің ресми сайтында жарияланған.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Лаура Догудың негізгі міндеті – Вашингтон мен Каракас арасындағы дипломатиялық байланысты қайта жандандыру болмақ.
Ал АҚШ-тың Венесуэладағы елшілігінің сайтында бұл дипломаттың бұған дейін Мексикада, Сальвадорда, Түркияда және Мысырда қызмет атқарғаны айтылған.
Бұған дейін Трамптың Мария Мачадоны Венесуэла істеріне тарту мүмкіндігін қарастырып отырғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript