Тоқаев Арман Қырықбаевты өзінің көмекшісі етіп тағайындады

Арман Қырықбаев ҚР Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ол бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болған. Ал оның алдында Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.
Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясының түлегі болып табылады. Мамандығы бойынша халықаралық экономист. Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында 28 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.
Бұған дейін Дәулет Байболатов "Семей орманының" бас директоры болып тағайындалғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript