Дәулет Байболатов "Семей орманының" бас директоры болып тағайындалды

Дәулет Байболатов, Семей орманы, бас директор, тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 17:16 Сурет: Instagram/glpr.semeyormany
Дәулет Байболатов "Семей орманы" МОТР" РММ-нің бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 24 ақпанда резерват баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Дәулет Кәкенұлы Байбулатов "Семей орманы" МОТР" РММ-нің бас директоры болып тағайындалды", делінген хабарламада.

Дәулет Кәкенұлы Байболатов 1967 жылғы 7 қазанда Семей қаласында дүниеге келген.1986 жылы Лениногор орман техникумын орман шаруашылық технигі біліктілігі бойынша бітірді. 1995 жылы Сібір технологиялық институтын орман шаруашылығы инженері біліктілігі бойынша тамамдады.

Еңбек жолын 1986 жылы Семей механикаландырылған орман шаруашылығының Краснокордон орманшылығының өрт сөндіру станциясының бастығы ретінде бастаған, одан кейін Семей орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорнының орман қорғау инженері, Краснокордон орманшылығының орманшысы, Пригород орманшылығының орманшысы, Қаштак орманшылығының орманшысы, Талицк орманшылығының басшысы, "Семей орманы МОТР" РММ-нің Семей, Новошульба, Морозов филиалдарының директоры, "Семей орманы" МОТР»"РММ бас директордың орынбасарының міндетін атқарушы қызметтерін атқарды.

Дәулет Кәкенұлы Байболатов орман шаруашылығы саласында 40 жыл еңбек етіп келеді.

2025 жылы 22 қаңтарда "Семей орманы" резерватындағы өртке қатысты Бас прокуратура барлық қылмыстық істер бойынша соңғы нүктесін қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: