Анасын қорғаған өрімдей жас қыз әкесін пышақтап тастаған
Фото: pexels
Бакудегі (Әзірбайжан) пәтерлердің бірінде 15 жасар жасөспірім қыз әкесіне пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az басылымының жазуынша, оқиға Низамин ауданындағы Исмайыл Мамедов көшесінде орналасқан пәтерде тіркелді.
Тергеу мәліметтері бойынша, Руфат Гашимов (1977 жылы туған) жанжал кезінде жұбайын ұрып-соққан. Бұған куә болған олардың 15 жасар қызы Гашимовты суық қарумен жаралаған.
Бұл ретте, жәбірленуші дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, ота үстеліне түскен.
Іс бойынша Низамин аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізуде.
Бұған дейін Ресейде әйелдің бір жарым айлық қызын буындырып өлтіргенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript