Ливияда Муаммар Каддафидің ұлы өз үйінде өлі күйінде табылды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2026 13:22 Фото: pexels
Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам Каддафи елдің батысындағы Зинтан қаласында, өз үйінің ауласында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Abaad News порталының жазуынша, бұл ақпаратты оның адвокаты Халед әл-Заиди мен кеңесшісі Абдулла Осман растаған.

Ливиялық бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, қылмыс Каддафидің резиденциясында болған. Алдын ала дерек бойынша, шабуылды төрт адам жасаған. Алайда олардың жеке тұлғалары әлі анықталған жоқ, себебі оқиға орнына орнатылған бейнебақылау камералары шабуылға дейін сөндіріліп қойған.

Тағы бір нұсқа бойынша, Саиф әл-Ислам Каддафи Хамада мұнай кен орны маңындағы қақтығыстар кезінде қаза тапқан болуы мүмкін.

Ливияның Бас прокуратурасы аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады.

Қазіргі таңда қаза табу мән-жайы толық анықталған жоқ, ал Ливия билігі бұл ақпаратты ресми түрде әлі растаған жоқ.

Бұған дейін Қытайда қылмыстық топ мүшелеріне өлім жазасы кесілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: