Ресейлік турист Таиландта клиникалық өлім жағдайын бастан өткерді
Сурет: freepik
Gazeta.ru мәліметінше, бір сәтте әйел суға бата бастаған. Тұзды суды көп жұтып қойған турист өз күшімен жағаға шыға алғанымен, шамамен бір сағаттан кейін есінен танып қалған.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы оны аман алып қалуға тырысқан.
Тексеру барысында әйелдің өкпесінде теңіз суы қалып қойғаны анықталды. Тұзды су бактериялармен қосылып, бүйректің істен шығуына және тыныс алу жолдарының инфекциясына әкелген.
Осылайша, турист бір айдан бері ауыр хәлде жатыр. Миы ісінген оған бүгінде қан тазалау процедуралары жасалуда. Көрсетілген емнің арқасында оның жағдайы жақсарып, дәрігерлер оң болжам беріп отыр.
Туристің сақтандыруы емделуге кеткен барлық шығынды – 300 мың батты (шамамен 4 млн 697 мың 429 теңге) толық өтеген. Зардап шеккен әйелдің жанында әріптестері қалып, оған қолдау көрсету үшін әуе билеттерін кері тапсырған.
Бұған дейін Таиландтқа саяхаттауды жоспарлап отырған ел азаматтарына ескерту жасалғанын жазғанбыз.