Сегізінші сынып оқушысы мектепке өрт қойып, сыныптастарына балғамен шабуыл жасаған

Сегізінші сынып оқушысы мектепке өрт қойып, сыныптастарына балғамен шабуыл жасаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2026 12:37 Сурет: pexels
Ресейдің Красноярск қаласындағы мектептердің бірінде бес оқушы зардап шекті. Сегізінші сыныпта оқитын қыз білім ордасын жалынға орап, сыныптастарына балғаға ұқсас затпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік Денсаулық сақтау министрлігінің РИА Новости агенттігіне берген мәліметіне сүйенсек, тағы екі кәмелетке толмаған бала бас-ми жарақатымен №20 ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Оқиға кезінде бір мұғалім де жарақат алған.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, сегізінші сынып оқушысы балалар отырған сыныпқа жанып тұрған шүберек лақтырып, кейін бірнеше оқушыны "балғаға ұқсас затпен" ұрған. Өрт сөндірушілер келмей тұрып, от өздігінен сөндірілген. Шабуыл жасаған қыз ұсталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі таңда тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Ливияда Муаммар Каддафидің ұлы өз үйінде өлі күйінде табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: