Италияда Олимпиадаға қарсы террорлық акт тергеліп жатыр
Фото: unsplash
Oxu.az басылымының мәліметінше, қала прокуратурасы істі полицияның арнайы бөлімшесінен алған. Қазіргі уақытта күдіктілер анықталған жоқ.
Болонья маңындағы теміржол учаскесінде кабельдер кесілген сәтте, басқа бағытта қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылып, залалсыздандырылған. Аталған оқиғалар пойыз қозғалысының едәуір кідірісіне себеп болған.
Тергеу деректеріне сәйкес, бұл оқиғалар Италияда басталған Олимпиада ойындарына қарсы әрекет ететін анархистік топтармен байланысты болуы мүмкін.
Жарыс өтетін қалалардың бірі — Миланда Олимпиадаға қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр. 7 ақпанда өткен кезекті акция тәртіпсіздікке ұласып, наразылық білдірушілер мен полиция арасында қақтығыстар тіркелген.
Бұған дейін Таиланд жағалауында жанармай тиеген кеме суға батып, экологтар Пхукет жағажайларында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.