Перу елінде импичмент: парламент уақытша президентті қызметінен босатты

Хосе Хери, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 11:44 Сурет: comunicaciones.congreso.gob.pe
Перу Конгресі уақытша мемлекет басшысы Хосе Херині қызметінен кетіру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, импичментті 75 депутат қолдап, 24-і қарсы дауыс берген, ал үшеуі қалыс қалған. Фухимори партиясы мен "Сомос Перу" саяси бірлестігі соңғы сәтке дейін Хериді бірауыздан қолдаған жалғыз фракциялар болған.

Barron's басылымының жазуынша, бұған дейінгі президент те импичмент нәтижесінде қызметінен кеткен. Хери бұл лауазымға қазан айында келіп, халық арасында беделі төмендеген Дина Болуартенің орнына тағайындалған еді. Болуарте сыбайлас жемқорлыққа қарсы наразылықтар мен ұйымдасқан қылмыспен байланысты зорлық-зомбылықтың күшеюі аясында парламент шешімімен қызметінен шеттетілген.

Прокуратура Хериге өз өкілеттігі кезінде тоғыз әйелді мемлекеттік қызметтерге тағайындау барысында заңсыз ықпал етті деген айып таққан. Өз кезегінде, ол Перу телеарнасына берген сұхбатында: "Мен ешқандай қылмыс жасаған жоқпын", – деп мәлімдеді.

Айта кетейік, 12 сәуірде өтетін сайлаудан кейін елде жаңа президент қызметіне кіріседі. Конституцияға сәйкес, Хери сәуірдегі сайлауға қатыса алмайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: