Тоқаев Сейсембаев пен Амерхановты қызметінен босатты

Президент кездесу өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2024 09:24 Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Сейсембаев пен Асқар Әмерхановты қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы қол қойған тиісті құжат 2024 жылғы 16 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланған.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:


Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;


Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: