Иран Ресеймен құпия келісімге келді
Сурет: freepik
РБК басылымының жазуынша, Иранның әуе қорғанысы өткен жылғы Израильмен қақтығыс кезінде айтарлықтай зардап шеккен.
Financial Times (FT) басылымы өз қолына түскен құжатқа және келісімге қатысы бар дереккөздерге сүйене отырып, келісімге Мәскеуде 2025 жылдың желтоқсанында қол қойылғанын жазды. Қару-жарақ жеткізу 2027–2029 жылдарға жоспарланған. Сонымен қатар кейбір жүйелер Иранға қазірдің өзінде берілген болуы мүмкін.
Белгілі болғандай, бір зымыранның құны – 170 мың еуро, ал бір ұшыру қондырғысы – 40 мың еуро. Келісімшартқа сондай-ақ 500 дана "Маугли-2" түнгі көру құрылғысы енгізілген.
Келісімді Рособоронэкспорт пен Иран Қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі өкілдігі (MODAFL) жасаған. Мемлекеттік компания журналистердің сауалына жауап бермеген, ал Кремль де түсініктеме беруден бас тартқан.
Жақында Иран президенті Масуд Пезешкиан Ресей басшысы Владимир Путинмен жүргізілген келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Мәскеу мен Тегеран арасындағы ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашатынын мәлімдеген еді.
Бұған дейін АҚШ елшісінің Израиль туралы айтқаны халықаралық резонанс тудырғанын жазғанбыз.