Хаменеи қаза тапқаннан кейін Иранда уақытша басшылық құрылады
Сурет: wikimedia
Мемлекеттік телеарна эфирінде Әли Лариджани уақытша орган бүгіннен бастап құрылатынын айтты. Ол ирандықтар "өздерінің бірлігінің арқылы АҚШ пен сионистік режимнің жоспарларын жүзеге асыртпай, ел тұтастығын сақтап қалды" деп мәлімдеді, деп жазды Tasnim.
Лариджани Иран Конституциясының 110-бабына сілтеме жасады. Егер Жоғарғы көшбасшы лауазымы бос қалса, оның өкілеті уақытша түрде президентке, сот жүйесінің басшысына және Конституцияны қорғау кеңесінің заңгер-мүшелерінің біріне өтеді. Бұл мүшені Мақсатқа сәйкестілік кеңесі (Expediency Council) таңдайды. Уақытша орган жаңа көшбасшы сайланғанға дейін міндетін атқарады.
Иран тарапының мәліметінше, Хаменеи АҚШ пен Израильдің соққылары салдарынан қаза тапқан. Ол 1989 жылдан бері — Ислам Республикасының негізін қалаушы Рухолла Хомейни қайтыс болғаннан кейін елді басқарған.
Иран әскерилері жауап ретінде Израиль аумағына және өңірдегі америкалық базаларға зымырандық және ұшқышсыз аппараттар арқылы соққы жасалғанын хабарлады.
Еске салайық, Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи 2026 жылғы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ шабуылдарының салдарынан қаза тапты. Оның ресми түрде тағайындалған мұрагері болмаған.