Иранға жасалған шабуыл: қорғаныс министрінің қаза тапқаны расталды

Иранға жасалған шабуыл: қорғаныс министрінің қаза тапқаны расталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2026 14:23 Сурет: pixabay
Иран бұқаралық ақпарат құралдары Израиль мен АҚШ шабуылдарынан кейін елдің қорғаныс министрі қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иранға жасалған соққылар салдарынан жоғары лауазымды әскери басшылар мен шенеуніктердің көз жұмғаны белгілі болды. Бұл туралы мемлекеттік IRIB телеарнасы мәлімдеді.

Телеарна дерегінше, қаза тапқандар арасында Иран қарулы күштері бас штабының бастығы Сейед Абдулрахим Мусави және қорғаныс министрі Әзиз Насирзаде бар.

Сондай-ақ Ислам революциясы сақшылар корпусының бас қолбасшысы Мохаммад Пакпур және қорғаныс кеңесінің хатшысы Әли Шамхани да қаза тапқаны хабарланды.

Бұған дейін Иранның ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін уақытша басқару кеңесі құрылатынын жариялаған еді.

Еске салайық, Әли Хаменеи 2026 жылғы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ шабуылдарының салдарынан көз жұмды. Оның ресми түрде тағайындалған мұрагері болмаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: