Палестиналықтардың қаза болғандар саны 18 500-ге жетті
Al Mayadeen телеарнасының мәліметінше, 50 мыңнан астам адам жарақат алған.
Жергілікті дәрігерлер анклавтың 18 412 тұрғыны израильдік атқылаудан қаза тапқанын айтады.
Бұған дейін Газа секторындағы құрбандар саны 16 мыңнан асқаны, 35 мыңнан астам адам жарақат алғаны хабарланған болатын. Израильде 1,2 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Ал ЮНИСЕФ мәліметінше, Газа секторындағы ұрыс кезінде 5,3 мыңнан астам палестиналық бала қаза тапқан.
Палестиналық Хамас содырлары 7 қазанда Израильге шабуыл жасады. Олар бірнеше шекаралық елді мекендерді басып алып, 1,4 мың адамды өлтіріп, адамдарды кепілге алды. Израиль қорғаныс күштері содырларды өз аумағынан қуып шығып, Газа секторына күшті соққы беріп, оны қоршауға алды. Палестиналықтар мен Израиль арасындағы бірнеше ондаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан қақтығыстың кезекті шиеленісуі барлық уақыттағы ең қанды оқиғаға айналды. Дәл қазір Газада апатты гуманитарлық жағдай бар. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Палестинаның бейбіт тұрғындарына көмек көрсетуді тапсырды.