Қысқы Олимпиаданың басты инста-жұлдызының жеңіс костюмі аукционда сатылды
Сурет: Instagram/juttaleerdam
Аукцион Нидерландтың Ұлттық олимпиадалық комитеті мен MatchWornShirt платформасының бірлесуімен ұйымдастырылды. Саудаға олимпиада спортшыларының жалпы саны 19 костюмі қойылған. Оларды сатудан түскен қаражат жастар спорт клубтарын қолдауға бағытталады, деп жазады nu.nl порталы.
Хабарламаға сәйкес, сауда аяқталар алдында Ютта Лердам қолтаңба қалдырған костюмге ұсынылған ең жоғары баға 10 мың еуроға жетпеген. Алайда аукционның соңына таман екі қатысушы лот үшін белсенді бәсекеге түсіп, нәтижесінде костюм 195 мың еуроға сатылды.
Осылайша Ютта Лердамның коньки тебу костюмі платформа тарихындағы ең қымбат лотқа айналды. Бұған дейін тіпті португалиялық футболшы Криштиану Роналдуға тиесілі заттардың өзі мұндай бағаға жетпеген.
Сонымен қатар 76 жастағы дизайнер, Vera Wang бренді негізін қалаушы Вера Вонг Олимпиада ойындарының мұз айдынында көпшілік назарына ілікті.