Ресейде мұз кесектері екі нәрестенің өмірін қия жаздады

Ресейде мұз кесектері екі нәрестенің өмірін қия жаздады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 14:58 Сурет: freepik
Ресейде шатырлардан құлаған мұз бен қар кесектері екі сәбидің өміріне қауіп төндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru басылымының мәліметінше, Свердлов облысында мұз кесегі тоғыз айлық қыз бала жатқан арбаға құлаған. Белгілі болғандай, арба тұрғын үй кіреберісіндегі қалқаның шетінен сәл шығып тұрған. Ата-анасы дер кезінде арбаны тартып үлгергенімен, сәби басының жұмсақ тіндерінен соққы алып, терісі сырылған.

Травматолог тексергеннен кейін зардап шеккендер үйіне жіберілді. Қазіргі таңда прокуратура басқарушы компанияға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.

Осыған ұқсас жағдай Тула облысында да болған: шатырдан түскен қар жаңа туған сәбиді көтеріп тұрған әйелдің үстіне құлаған. Нәтижесінде нәрестеге медициналық көмек қажет болды. Аталған дерек бойынша тергеу органдары қылмыстық іс қозғады.

Бұған дейін Мәскеуде алаяқтар зейнеткерді өлтіру үшін 20 жасар бойжеткенді жалдағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: