Иран АҚШ пен Израиль соққыларынан болған адам шығынын есептеді

Иран АҚШ пен Израиль соққыларынан болған адам шығынын есептеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2026 09:42 Сурет: pixabay
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі АҚШ пен Израиль жасаған шабуылдардың салдарынан елде 20 617 адамның қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

NBC арнасының мәліметінше, қаза болғандардың ішінде 206 бала мен жасөспірім бар. Олардың 13-і бес жасқа да толмаған.

Сондай-ақ медицина қызметкерлері арасында 18 адам көз жұмған, ал 101 медицина қызметкері түрлі дәрежеде жарақат алған.

Шабуылдар салдарынан 36 жедел жәрдем көлігі мен 37 медициналық мекеме зақымданған.

Бұған дейін АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылы бірнеше миллиард долларға түскенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: