АҚШ пен Иран арасындағы ымыра бұзылуы мүмкін

Водохранилище, водохранилища, водосбережение, система водосбережения, плотина, плотины, водная инфраструктура, водные ресурсы, дамба, дамбы, вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2026 10:38 Фото: primeminister.kz
АҚШ пен Иран арасында төрт апта бұрын мақұлданған ымыра бұзылуы мүмкін.

Президент Дональд Трамп Ормұздан өте алмай тұрған 2 мыңдай кеме мен 20 мыңдай экипаж мүшесіне көмектесу үшін аймаққа мыңдаған жауынгер мен соғыс ұшақтарын жөнелтті, деп жазады qazaqstan.tv.

Соңғы мәліметке қарағанда, олар Иранның алты катері мен зымырандарын және дрондарын жойған. Құрама Штаттар Ормұздан Американың екі сауда кемесінің өткенін хабарлады. Бұл мәліметтерді Иран жоққа шығарып отыр.

Тегеран Ормұзды ақпанның 28-де АҚШ пен Израильдің шабуылына жауап ретінде жапты. Әлем мұнайы мен газының 20 пайызы және тыңайтқыштар мен өзге де шикізат өтетін бұғаздың жабылуынан Иранның өзі де, әлем экономикасы да үлкен зардап шегіп отыр.

Иранның жағдайы қиын. Мұнда соғыстан мыңдаған кәсіпорын зардап шеккендіктен, миллиондаған адам жұмыссыз қалды. Осылайша, Иран қазір орасан экономикалық қысымға ұшырап отыр. Эмбарго кесірінен ол шетелге мұнай экспорттай алмай жатыр. Халықаралық қауымдастық та, жалпы бүкіл әлем де дәл осындай қиындыққа тап болды. Джошуа Лэндис, Оклахома университетінің Таяу Шығысты зерттеу орталығының директоры

Америкадан кек алу үшін Иран Біріккен Араб Әмірліктерінің мұнай өндіретін Фуджейра аймағына зымырандармен, дрондармен соққы берді. Шабуылдан энергетикалық нысан отқа оранған. Парсы шығанағында бірнеше сауда кемесіне оқ жаудырылып, жарылыс болды. Осы оқиғалардан кейін Әмірліктер Иранға жауап қайтаруға құқылы екенін ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: