ДДҰ ықтимал "ядролық оқиғаға" дайындалып жатқанын мәлімдеді

ДДҰ ықтимал "ядролық оқиғаға" дайындалып жатқанын мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2026 10:35 Сурет: pixabay
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Таяу Шығыстағы қақтығыс аясында ядролық қарудың қолданылуы мүмкін екенін ескеріп, жағдайға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Politico басылымына берген сұхбатында ДДҰ-ның Шығыс Жерорта теңізі елдері бойынша аймақтық бюросының директоры Ханан Балхи мәлімдеді.

"Ең қауіпті сценарий – ядролық оқиға. Бізді ең қатты алаңдататыны да осы", – деді ол.

Балхидің айтуынша, ұйым мамандары "ядролық оқиғаға" кең мағынада дайындалуда. Бұл тек атом бомбасын қолдануды ғана емес, сондай-ақ ядролық нысандарға жасалуы мүмкін шабуылдарды да қамтиды.

Сонымен қатар, ол қандай дайындық жүргізілсе де, ядролық қару қолданылған жағдайда келетін зиянның алдын толық алу мүмкін емес екенін атап өтті. Мұндай жағдай орын алса, оның салдары ондаған жыл бойы сезілетін болады.

Бұған дейін Мысырлық археологтар су астында қалған 80 тонналық шамшырақтың құпиясын ашуда екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: