Лукашенко Беларуссияның "соғысқа дайындалып жатқанын" мәлімдеді

Лукашенко Беларуссияның "соғысқа дайындалып жатқанын" мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2026 10:45 Сурет: akorda.kz
Беларусь президенті Александр Лукашенко Қарулы күштерді кешенді тексерудің қорытындысы бойынша ел соғысты қаламайтынын, бірақ оған дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az агенттігінің БелТА-ға сілтеме жасап жазуынша, Беларусь басшысы негізгі міндет – толық жауынгерлік дайындыққа келтірілген бөлімдердің соғыс жағдайында қалай әрекет ететінін тексеру болғанын атап өтті.

"Бейбіт уақыт деген болмайды. Біз соғысқа дайындалып жатырмыз. Сол үшін Қарулы күштерді құрдық, сол үшін оларды ұстап отырмыз, халық та соған қаржы бөліп отыр – бізді қорғау үшін. Осы жерде отырғандар ғана емес, барша халық түсінуі керек: біз соғысқа мүлде қарсымыз. Әсіресе біздің офицерлер, сарбаздар – олар соғыстың не екенін біледі. Біз соғысты қаламаймыз, бірақ армияның міндеті – елді қорғау. Егер біреу бізбен қарудың күшімен сөйлескісі келсе, біз жауап береміз. Біз соған дайындалып жатырмыз", – деді Александр Лукашенко.

Жиынға қатысушыларға үндеу жасаған президент тексеру қорытындысын барынша ашық талқылауды, ештеңені жасырмай айтуды ұсынды.

Бұған дейін Трамп АҚШ-тың Ираннан кейінгі жоспарын айтқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: