Лукашенко құрлықтағы әскери операцияларға дайын болуы қажет екенін мәлімдеді
Сурет: akorda.kz
БелТА агенттігінің жазуынша, жиында мемлекеттік қарулану бағдарламалары мен қорғаныс тапсырыстары талқыланған.
Беларусь президентінің айтуынша, соңғы әскери қақтығыстар "құрлықтағы операциясыз жеңіске жету мүмкін еместігін" көрсетті. Сондықтан Беларусь әскері мұндай жағдайларға дайын болуы тиіс.
"Қазіргі қақтығыстар соны дәлелдеп отыр. Мысалы, Иран, Израиль және АҚШ арасындағы қарулы текетірес нені көрсетті? Бір-бірін бомбалап, зымыранмен атқылады. Бірақ нәтижесінде жеңіске жетті ме? Жоқ. Құрлықтағы операциясыз ешқайда бара алмайсың", – деді Александр Лукашенко.
Оның сөзінше, ықтимал соғыс жағдайында Беларусь сарбаздары негізгі әрі сенімді қару түрлерін меңгеруі керек. Сондай-ақ елдің географиялық ерекшеліктерін ескеріп, мемлекетке нақты қажет қару-жарақты сатып алып, өндіру маңызды екенін айтты.
Жиын барысында Лукашенко армияны барлық заманауи қарумен толық жабдықтаудың қажеті жоқ екенін де атап өтті. Оның пікірінше, белорус офицерлері еркін меңгеріп, тиімді пайдалана алатын қару түрлеріне басымдық берілуі тиіс.
Бұған дейін Майами маңында ірі орман өрті таралып жатқанын жазғанбыз.