Зеленский Украинадағы бейбітшілік үшін президенттіктен кетуге дайын екенін мәлімдеді

Зеленский Украинадағы бейбітшілік үшін президенттіктен кетуге дайын екенін мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 14:09 Сурет: pixabay
Украина президенті Владимир Зеленский президенттік қызметтен кетуге дайын екенін мәлімдеді. Мұны Украинадағы бейбітшілікке немесе елдің НАТО-ға мүше болуына айырбастауға болатынын алға тартты.

Бұған қоса Зеленский Украинаның қауіпсіздігі басты мақсат екенін және ондаған жылдар бойы билікте қалмайтынын да айтты.

Сондай-ақ Украина президентінің айтуынша, өзін халықтың 65 пайызы қолдайды. Ол елде президент сайлауы әскери жағдай күшін жойғаннан кейін өтетінін айтты.

Айта кетейік, бүгін Украина мен Ресей арасында қарулы қақтығыстың басталғанына тура 3 жыл, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Зеленскийді "диктатор" деп атап, оны украиналықтардың 4 пайызы ғана қолдайды деген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: