Жарылғыш құрылғы салынған қорапты ашқан ер адам көз жұмды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2026 10:56 Фото: unsplash
Ресейдің Курск облысындағы Волоконск ауылында жарылғыш құрылғы салынған қорапты ашқан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға туралы 2026 жылғы 29 наурызда өңір басшысы Александр Хинштейн мәлімдеді.

РЕН-ТВ телеарнасының жазуынша, Хинштейн қаза тапқан адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтқан. Губернатордың айтуынша, тағы бір ер адам сол қолынан жарықшақ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.

"Екі ер адам ішінде жарылғыш құрылғы болған қорапты ашқан. Өкінішке қарай, 51 жастағы ер адам алған жарақаттарының салдарынан көз жұмды", – делінген губернатордың хабарламасында.

Бұған дейін Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 60-тан астам адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: