Франция балаларды әлеуметтік желіден шектеді

Дистанционное обучение, удаленное обучение, учеба на дому, онлайн-обучение, онлайн обучение, школьники, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2026 13:08 Фото: unsplash
Франция сенаторлары 15 жасқа толмаған балаларды әлеуметтік желіден шектеу туралы заң жобасын құптап дауыс берді.

Бұл бастамаға ел жасөспірімдері наразылық білдіріп, ал ата-аналар мен мұғалімдердің қолдаған еді. Мұндай шектеу әлемде алғаш болып Австралия енгізген еді, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұған дейін аталған заң жобасын француз парламентінің төменгі палатасы мақұлдады.

Ал Сенат оған түзету енгізіп, тек балаларға зиян деп есептелетін онлайн платформаларды бұғаттамақ.

Мұндай әлеуметтік желілердің тізімі кейін әзірленеді.

Тиімді шаралар қабылдау қажет. Ашық айтайық, бұл әзірге жай ғана үстіртін мәтін. Заң жобасында мәселенің түпкілікті шешімі көрсетілмеген. Әлеуметтік желіні тыйым салу кәмелетке толмаған балаларды жауапкершілікке үйретпейді. Тіптен сыни ойлау мен дербестікті де дамытпайды. Эвелин Корбьер Наминцо, сенатор
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: