Дональд Трамп АҚШ-тың НАТО-дан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2026 11:37 Фото: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-дан шығу мәселесін байыппен қарастырып жатқанын айтты. Оның сөзінше, альянс елдері Иранға қарсы қақтығысқа АҚШ-пен бірге қатыспаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК-ның жазуынша, бұл туралы америкалық көшбасшы The Telegraph басылымына берген сұхбатында мәлімдеген.

"НАТО маған ешқашан ықпал еткен емес. Мен олардың "қағаз жолбарыс" екенін әрдайым білетінмін, мұны Ресей президенті Владимир Путин де жақсы түсінеді", – деді Трамп.

Ол сондай-ақ одақтастар тарапынан қолдау болмағанына сену қиын болғанын, бірақ өзі олардың қатысуын қатты талап етпегенін айтты.

Трамптың пікірінше, НАТО елдері АҚШ-қа автоматты түрде көмек көрсетуге тиіс болған.

"Біз барлық жерде автоматты түрде қолдау көрсеттік, оның ішінде Украинада да. Украина біздің мәселеміз емес еді. Бұл бір сынақ болды, біз олардың жанында болдық және әрқашан солай болар едік. Ал олар бізбен бірге болған жоқ", – деді ол.

Бұған дейін Лукошенконың Беларуссияның "соғысқа дайындалып жатқанынын" мәлімдегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: