АҚШ-та ашыққан бір жасар сәби жәндік жеп, көз жұмды

Ребенок у окна, дети у окна, окно, падение из окна, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2026 13:55 Фото: unsplash
АҚШ-тың Джорджия штатында ересектердің қарауынсыз 12 сағат бойы қалған сәби жәндік жеп, қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

People басылымының жазуынша, тергеу барысында баланың бес ағасы мен әпкесінің қасында қалғаны белгілі болды. Алайда, балалар өз бетінше тамақтана алмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қатты ашыққан бір жасар сәби үйде қаптаған жәндіктерді жей бастаған, содан кейін көп ұзамай көз жұмған.

Балалардың 37 жастағы анасы Шерри Магби қамауға алынды. Оған балаларға қатысты екінші дәрежелі қатыгездік бойынша алты айып тағылған. Әйелдің айтуынша, ол кішкентайларға қарауды 10 жастағы үлкен баласына тапсырған.

Бұған дейін зейнеткердің алаяқтарға ақша орнына дәптер парақтарын бергенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: