Катар шетелдік әуе рейстерін кезең-кезеңімен қайта жандандыруда

Катар шетелдік әуе рейстерін кезең-кезеңімен қайта жандандыруда, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2026 10:00 Сурет: Facebook/qatarairways
Катар шетелдік әуе компанияларының рейстерін кезең-кезеңімен қайта іске қоса бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Катардың Азаматтық авиация басқармасы ұшқыштарға арналған арнайы хабарлама жариялады. Онда ел аумағында Хамад халықаралық әуежайы арқылы шетелдік әуе компанияларының рейстері біртіндеп қайта жанданатыны айтылған.

Ведомствоның мәліметінше, бұл шешім барлық тиісті ұлттық органдармен бірлесіп жүргізілген жан-жақты бағалау нәтижесінде қабылданған. Негізгі мақсат – жоғары дайындық деңгейін қамтамасыз етіп, операциялық тиімділікті арттыру.

Сондай-ақ барлық рейстер мен оларға қатысты операциялар қауіпсіздіктің ең жоғары халықаралық стандарттарына сай жүзеге асырылатыны атап өтілді. Жолаушылар мен авиация қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті сақтық шаралары қабылданады.

"Қауіпсіздік – біздің басты басымдығымыз", – деп мәлімдеді ел билігі.

Бұған дейін Qatar Airways әуе компаниясы әуе билеттерін өзгертуге қатысты арнайы шарттардың мерзімін ұзартқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: