Трамп пен Иран UNO ойынын ойнауда

Трамп пен Иран UNO ойынын ойнауда , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 11:17 Сурет: pixabay
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Иранның ресми өкілдері әлеуметтік желілерде өзара "UNO ойынын" еске салатын жазбалармен алмасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен ойынды АҚШ президенті бастады. 3 мамыр күні ол өзінің Truth Social платформасындағы парақшасында UNO карталары бейнеленген сурет жариялап, өзінің жиі айтатын "барлық карта менің қолымда" деген сөзін еске салды.

Сурет: truthsocial

Иран тарапы да жауапты ұзақ күттірмеді. Мәселен, Иранның Хайдарабадтағы бас консулдығының ресми аккаунты жауап ретінде жазба жариялады.

"Иә, бізде карта аз", – деп жазылған суретте ирандық әскери күлімсіреп, осы ойынның карталарын ұстап тұрғаны көрсетілген.

Айта кетейік, UNO ойынында жеңіске бірінші болып қолындағы барлық карталардан құтылған ойыншы жетеді.

Бұған дейін Трамптың Иранмен жаңа келісімді қарастыруы мүмкін екенін мәлімдегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: