Еуропада керосин тапшы

Непогода в аэропорту, снегопад, самолет, самолеты, неблагоприятные погодные условия, задержка рейса, задержка рейсов, нелетная погода, аэропорт зимой, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2026 12:52 Фото: unsplash
Еуропаның авиация саласы дағдарысқа тап болды. Ормуз бұғазының жабылуы қарт құрлық елдерінде керосин тапшлығына әкелді. "Авиотынның құны аспандады" деп әуекомпаниялар қазір рейстерді тоқтатып жатыр. Кей компаниялар билет бағасын көтеруде.

ЕуроОдақтың мұнай өңдеу зауыттары керосиннің 70 пайызын өздері өндіріп, қалған 30 пайызын Таяу Шығыстан импорттап келген. Ормуз бұғазы жабылғалы авиаотын құны екі есеге қымбаттады. Тығырақтан шығудың жолын іздеген Скандинав әуекомпаниясы бірден мың рейсін тоқтатты, деп жазады qazaqstan.tv.

"Ұшу тиімсіз" деп Lufthansa да 20 мың бағытты қазан айына дейін жапты. Turkish Airlines пен Нидерландттық Transavia ұшу кестесіне елеулі өзгеріс енгізді.

"Ұлыбритания рейстерді біріктіруге рұқсат етті. Яғни отынды үнемдеу үшін British Airways пен өзге әуе компания бір бағытта ұшатын болса, рейсті бірігіп жүзе асырады. Бағалардың күн сайын өсуі алаңдатарлық жағдай. Жазға қарай баға тіпті көтеріледі. ЕуроОдақтың туризм мен саяхат үшін ең ірі аймақ екенін ескерсек, бұл нарыққа оң әсер етпейтіні анық." Антонио Бускардини "Travel tomorrow" медиа порталының бас директоры

"Авиаотынның құны аспандады" деп Air France-KLM алысқа ұшатын рейс билетіне 100 еуро қосымша алым енгізді. Өзге тасымалдаушылар да билеттің бағасын қазірдің өзінде 20 пайызға дейін қымбаттатты.

Қол жүгінің көлемін шектеу, тарифтің қымбаттауы жолаушылардың жүйкесін жұқартып, қалтасын қақты.

Еуропаның туристік ұйымы "мұндай қымбатшылық туризмді тұралатады" дейді. Ал халықаралық әуе тасымалы қауымдастығы керосин мәселесі шешімін таппаса, мамырдың соңында Еуропада қазіргіден де көп рейс тоқтап, әуекомпаниялар мен әуежайлар банкротқа ұшырайды деп дабыл қағуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: