Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан әлемде ұшақ билеттері қымбаттап жатыр
Фото: pixabay
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысынан әлемнің әуе компаниялары сұйық отын тапшылығына душар болып, билет бағасын көтеріп, кейбір бағыттарға рейстерді доғарып жатыр.
Сондай кәсіпорындар қатарында Құрама Штаттардың "Дельта Эйрлайнс" пен "Американ Эйрлайнс" компаниясы бар.
Олардың наурыздағы қосымша шығындары 400 миллион долларға жетуі мүмкін. Керосинның қымбаттауына байланысты "Эйр-Франс" та билет құнын өсірмек, деп жазады qazaqstan.tv.
Жалпы алғанда, осы айдың басынан бері Еуропада авиациялық отынның нарқы екі есеге, ал Азияда 80 пайызға көтерілген.
Салдарынан бір Франкфурт әуежайының өзінде соғыстың алғашқы екі аптасында 86 мың жолаушы зардап шеккен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript