Қазақстандағы білім беру ұйымдарында 108 мың ер педагог еңбек етеді

Первоклассники, первый класс, школьники, ученики младших классов, начальные классы, школа, 1 сентября, первое сентября, школьная линейка, День знаний, первый звонок, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2026 15:55 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 7 мамырда, Отан қорғаушылар күніне орай, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі елдегі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін ер педагогтердің саны туралы дерек ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық білім беру саласын зерттеу және бағалау орталығы "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Талдау" деректеріне сәйкес, Қазақстанның білім беру ұйымдарында жалпы 108 572 ер педагог жұмыс істейді.

Олардың ішінде:

  • 78 651 – мектептерде,
  • 14 220 – колледждерде,
  • 12 709 – қосымша білім беру ұйымдарында,
  • 2 690 – мектепке дейінгі ұйымдарда,
  • 302 – арнайы білім беру ұйымдарында қызмет етеді.

Бұған дейін, 2026 жылғы 6 мамырда Қазақстандағы ер адамдардың нақты саны туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: