Дәрігерлер ер адамның асқазанынан 200-ден астам тиын, бұранда мен есік топсасын алып шықты
Фото: pexels
Oxu.Az басылымының жазуынша, бұл туралы Волгоград облысының Денсаулық сақтау комитеті хабарлаған.
50 жастағы науқас қаладағы №25 ауруханаға асқазан-ішектен қан кетуі мүмкін деген күдікпен жеткізілген. Алайда тексеру барысында дәрігерлерді тіпті тәжірибелі мамандарды да таңғалдырған жағдай анықталған.
Ер адамның асқазаны мен өңешінде барлығы 227 бөгде зат болған. Олардың ішінде әртүрлі номиналдағы тиындар (жалпы сомасы 875 рубль – шамамен 5 788 теңге), 11 бұранда және 2 есік топсасы бар екен.
Дәрігерлердің айтуынша, операцияның ерекшелігі – ол тіліксіз, эндоскопиялық әдіспен жасалған. Бұл тәсіл денеге зақымды азайтып, науқастың тезірек сауығуына мүмкіндік берген.
Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оның мұндай заттарды не себепті жұтқаны әзірге белгісіз.
Бұған дейін ДДҰ Африкадағы Эбола вирусының таралуын халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп жариялағанын жазғанбыз.