Иран келіссөздерді тоқтатып, АҚШ-қа ультиматум қойды
Сурет: freepik
Иран Израильдің Ливандағы әскери белсенділігіне байланысты АҚШ-пен жүргізіліп жатқан келіссөздерді уақытша тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы The Jerusalem Post басылымы Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусымен байланысы бар Tasnim агенттігіне сілтеме жасап жазды.
Басылымның мәліметінше, Тегеран сондай-ақ стратегиялық маңызы жоғары теңіз жолдары – Ормуз және Баб-эль-Мандеб бұғаздарын жабуы мүмкін екенін ескертіп, Израильдің Ливан мен Газа секторындағы әскери операциялары тоқтатылмайынша келіссөздер қайта жалғаспайтынын мәлімдеген.
Иран өкілдері әскери іс-қимылдардың толық тоқтатылуын және Израиль күштерінің Ливандағы "басып алынған аумақтардан" шығарылуын талап етіп отыр. Тегеран бұл шарттар орындалмайынша, келіссөздерді жалғастыру мүмкін емес екенін мәлімдеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript