Балаларға әлеуметтік желіні шектейтін елдер көбейіп келеді

Дистанционное обучение, удаленное обучение, учеба на дому, онлайн-обучение, онлайн обучение, школьники, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2026 16:38 Фото: unsplash
Әлемде балалар үшін әлеуметтік желіні шектеген елдердің қатары көбейіп келеді. Біріккен Араб Әмірліктері де осыған қатысты жаңа заң қабылдады.

Енді Біріккен Араб Әмірліктерінде 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолданбақ түгілі, Instagram, TikTok тәрізді қаптаған плафтормаларда аккаунт ашуға болмайды. Заң кеше маусымның 18-де жарияланды. Жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, бұл шектеулер өскелең ұрпақты зиянды контенттерден, қауіпті онлайн қарым-қатынастан, әлеуметтік желіні тым көп пайдаланудан қорғап, жеке деректерді сақтау үшін қабылданды. Әрине, жаңа ережеге қарсы шығып жатқандар да бар. Алайда, көпшілігі бұл тыйымды жөн көріп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

АҚШ-тың Огайо штаты болса, Instagram тәрізді әлеуметтік платформалардан ата-аналардың рұқсатынсыз 16 жасқа дейінгі балаларды желіге тіркемеуді талап етуі мүмкін. Себебі сәрсенбі күні Құрама Штаттардың Аппеляциялық соты бұл штатқа осындай заң қабылдауға рұқсат берді.

Ал Италияның Асти қаласының тұрғыны Ирен Роггеро Угес екі жыл бұрын қызынан айрылды. Айтуынша, 12-жасар Росселланың өзіне қол жұмсауына интернетте көрген жағымсыз суреттер себеп. Ал Валентина Муралье есімді әйел 16-жасар ұлы смартфонға қол жеткізгеннен кейін кітап оқуды тоқтатқанына шағымданып отыр. Жақында осы екі ана "Тик-Ток" пен "Метаны" сотқа берген ата-аналар қауымдастығына қосылды. Алайда технологиялық компаниялар өз платформаларының жастарға зиянды екенін жоққа шығарып отыр.

Жалпы әлемде 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салу туралы алғашқы заң былтыр желтоқсанда Австралияда күшіне енді. Қазір мұндай ережені қабылдаған немесе қарастырып жатқан елдер саны көбейіп келеді. Олардың қатарында Британия, Қытай, Дания, Франция, Германия, Грекия, Италия, Малайзия, Испания, Швеция, Араб Әмірліктері, АҚШ, Словения, Түркия, Польша бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: