Әлеуметтік желіні балалардың пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін
Фото: pexels
Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына шектеу қойылуы мүмкін.
Ұлттық құрылтай отырысында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв балалардың ойлау қабілеті нашарлап, аналитикалық дағдысы дамымай жатқанын алға тартып, онлайн платформаларды шектеу туралы ұсыныс айтты, деп жазады qazaqstan.tv.
Құрылтай мүшесі халықаралық тәжірибеге назар аударып, шетелде жасөспірімдердің 14 жасқа дейін, кейбір елдерде тіпті 16 жасқа дейін желіге тікелуге тыйым салынғанын айтты.
Бұған дейін елімізде 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салатын заң жобасы дайындалған. Құжатты Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірледі. Заң жобасы былтыр желтоқсанда қоғамдық талқылауға шығарылған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript