Геологтар Антарктида үстіндегі ауада алтын бөлшектерін анықтады
Сурет: magnific
IFLScience деректеріне сәйкес, ғалымдар осы оңтүстік аймақта орналасқан жанартаулардың бірі қоршаған ортаға кристалданған алтын бөлшектерін таратып жатқанын анықтаған.
Қазіргі таңда Антарктидадағы ең қуатты жанартау – Эребус. Ол 1841 жылы поляр зерттеуші сэр Джеймс Кларк Росс тарапынан HMS Erebus кемесінің құрметіне аталған. Бұл кеме кейін Франклин экспедициясы кезінде жоғалып кеткен.
Эребус жанартауы Росс аралында орналасқан, биіктігі 3764 метр. Бұл Антарктидадағы екінші ең биік жанартау (ең биігі – Сидли тауы).
Жанартаудың кратеріне тікелей қараған жағдайда оның түбінде жарық шашқан аймақ байқалады. Бұл – 1972 жылдан бері белсенді болып келе жатқан лава көлі, ол Эребус жанартауының үздіксіз әрі ерекше құрамды атқылауларына себеп болып отыр.
Ғалымдардың айтуынша, жанартау күн сайын құрамында микроскопиялық алтын кристалдары бар газ бен бу шығарады. Бұл бөлшектердің өлшемі 20 микрометрден аспайды.
Тәулігіне шамамен 80 грамға дейін алтын бөлінуі мүмкін, оның құны шамамен 6000 доллар деп бағаланады. Бұл алтын кең аумаққа таралып кетеді. Тіпті оның іздері атмосферадан 1000 шақырым қашықтықта да анықталған.
Мамандардың болжамынша, болашақта Антарктида аумағында алтын бөлшектері өте көп мөлшерде таралуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Норвегияның Солтүстік теңіздерде 6000 метр тереңдікте зерттеу жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.