АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Нью-Йорк мэрінің Нетаньяхуды қамауға алу туралы мәлімдемесін жоққа шығарды
Сурет: gpophoto.gov.il
Уолцтың айтуынша, АҚШ Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясын мойындамайды. Сонымен қатар ол БҰҰ штаб-пәтері туралы келісім мен дипломатиялық иммунитет қағидалары ұйымның іс-шараларына қатысу үшін келетін үкімет басшыларын қорғайтынын атап өтті. Оның сөзінше, федералдық заңнама жергілікті билік органдарының шешімдерінен басым, деп жазды New York Post.
Өз кезегінде Израильдің БҰҰ жанындағы елшісі Дэнни Данон Мамданидің мәлімдемесін сынға алып, Нью-Йорк мэрі сыртқы саясатпен емес, қаладағы өзекті мәселелермен айналысуы тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, Биньямин Нетаньяху БҰҰ Бас Ассамблеясына келіп, сөз сөйлейді.
Нью-Йорктағы Еврейлердің қоғамдық байланыстар кеңесінің (JCRC-NY) басшысы Марк Трейгер де қала тұрғындары мэрді халықаралық саясатқа араласуы үшін емес, жергілікті мәселелерді шешуі үшін сайлағанын айтты. Оның пікірінше, қала әкімшілігі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тұрғындар үшін өмір сүрудің қолжетімділігін арттыруға және муниципалдық қызметкерлерді қолдауға басымдық беруі қажет.