Эльбрусқа көтерілу кезінде екі альпинист таудан құлап түсті, бірі қаза тапты
Сурет: wikipedia
Ресейдегі Эльбрус тауына көтерілу кезінде қайғылы оқиға тіркелді. 4200-4600 метр биіктікте екі альпинист тау беткейінен құлап кеткен. Салдарынан олардың бірі көз жұмса, екіншісі түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға альпинистердің тауға өрмелеп бара жатқан сәтінде болған. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Эльбрус жоғары таулы іздестіру-құтқару жасағының 12 құтқарушысы дереу оқиға орнына аттанды.
Қазіргі уақытта зардап шеккен адамға көмек көрсету және оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқару операциясы әлі аяқталған жоқ.
Оқиғаның нақты себептері анықталуда.
Бұған дейін Иранның Иорданиядағы шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript