Испанияда футбол мерекесі қайғылы жағдаймен аяқталды: субұрқақ опырылып, жасөспірім қаза тапты

Испанияда футбол мерекесі қайғылы жағдаймен аяқталды: субұрқақ опырылып, жасөспірім қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2026 13:09 Сурет: Х/LaNacionPy
Испанияның Сьюдад-Родриго қаласында футболдан ұлттық құраманың жеңісін тойлау кезінде субұрқақтың бір бөлігі опырылып, 13 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Europa Press агенттігінің мәліметінше, 2026 жылғы 20 шілдеде жеңісті атап өту барысында бір топ жас субұрқақтың үстіне шыққан. Сол сәтте нысанның бір бөлігі опырылып, 13 жастағы жасөспірімнің үстіне құлаған.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері мен дәрігерлер зардап шеккен баланы аман алып қалуға тырысқан. Алайда алған жарақаттары өмірге аса қауіпті болып, жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

Қайғылы оқиға салдарынан тағы үш адам ауыр жарақат алған.

Осыған байланысты Сьюдад-Родриго қаласында 20–22 шілде аралығы қаралы күндер болып жарияланды.

Бұған дейін Испания Аргентинаны жеңіп, футболдан әлем чемпионы атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: