Кенияда ондаған пілдің жұмбақ өлімі дүрбелең туғызды

Кенияда ондаған пілдің жұмбақ өлімі дүрбелең туғызды , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 10:14 Сурет: magnific
Кенияда соңғы үш аптада Амбосели ұлттық паркінің маңынан 16 пілдің өлексесі табылды. Олардың әзірге неден қырылғаны белгісіз, мамандар қажетті тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kenyans.co.ke басылымының Кенияның Жабайы табиғатты қорғау қызметіне (KWS) сілтеме жасап жазуынша, пілдердің өлекселері ұлттық парк шекарасынан 15–30 шақырым қашықтықтағы бірнеше жерден табылған. Қырылған жануарлардың арасында әртүрлі жастағы әрі аталығы мен аналығы да бар. Ведомство өкілдерінің айтуынша, олардың өліміне нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мамандар тергеуді бастап кетті. Ветеринарлар қажетті сынамаларды алып, оларды мемлекеттік зертханаға қосымша сараптамаға жіберген. KWS сараптама нәтижелері шықпайынша қандай да бір қорытынды жасауға ерте екенін мәлімдеді.

Бұл ретте, жануарлардың жаппай қырылуы жергілікті тұрғындар мен билік өкілдерінің алаңдаушылығын күшейтті. Каджиадо округінің губернаторы Джозеф Оле Ленку Табиғатты қорғау қызметінен тергеу нәтижелерін мүмкіндігінше тезірек жариялауды талап етіп, мұндай жағдайдың өңірде бұрын-соңды болмағанын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: