Есірткі баронының ұсталуы Мексикада жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2026 09:13 Фото: pexels
Мексиканың батысында Los Reyes картелі жетекшілерінің бірі, Пончо лақап атымен танымал Альфонсо Фернандес Магальон ұсталды. Осыдан кейін өңірде жаппай тәртіпсіздік басталып, наразылық білдірушілер жолдарды жауып, автокөліктерді өртеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Roya News басылымының мәліметінше, арнайы операция Мичоакан штатында жүргізілген. Мексика әскері Магальонды сот санкциясы негізінде ұстады. Оған адамды заңсыз бас бостандығынан айыру және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға арандату айыптары тағылып отыр.

Бұған дейін АҚШ билігі Пончоны ұстауға көмектесетін ақпарат үшін 5 млн долларға дейін сыйақы тағайындаған.

Мексиканың қауіпсіздік министрі Омар Гарсия Арфуш бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

"Мексика әскері жүргізген операция барысында әскери қызметшілер билік Los Reyes картелінің жетекшісі деп санайтын Альфонсо Н.-ны ұстады. Қазір қауіпсіздік күштері өңірде тәртіп орнатып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдап жатыр", – деді министр.

АҚШ-та Магальон ең көп іздеуде жүрген есірткі саудагерлерінің ресми тізіміне енгізілген. АҚШ-тың құқық қорғау органдары оны 2019 жылдан бері ел аумағына, соның ішінде Теннесси штатына ірі көлемде есірткі жеткізді деп айыптап отыр.

Бұған дейін, 2026 жылғы 30 шілдеде, Жетісу облысының тұрғыны ірі көлемдегі мефедронмен ұсталғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: