"Декларациядан өткізу қажет": 18 жастағы бойжеткен 71 млн теңгенің алтынын алаяқтарға табыстаған

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2026 10:15 Фото: pexels
Ресейде 18 жастағы бойжеткен алаяқтардың арбауына түсіп, курьерге қолма-қол ақшасы мен құны 12 миллион рубльді (шамамен 71 миллион теңге) құрайтын 12 алтын тиынын беріп қойған. Бұл туралы 2026 жылғы 2 тамызда Ресей ІІМ-нің Мәскеу қалалық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Газета.ru" басылымының жазуынша, өзін емхана қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адамдар алдымен бойжеткеннің жеке деректерін алдап алған. Кейін оған ақша қаражаты мен 12 алтын тиынды "декларациядан өткізу қажет" деген желеумен алаяқтарға тапсыруға көндірген.

Осылайша бойжеткен бар байлығын алаяқтар жіберген курьерге табыстаған.

"Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздестіру барысында алаяқтарға көмектескен адамның жеке басы анықталды. Ол – 20 жастағы бойжеткен", – делінген полиция хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген жалпы материалдық шығын 12 миллион рубльді, яғни шамамен 71 миллион теңгені құрады.

Бұған дейін қазақстандық такси жүргізушісінің әжейді алаяқтардан құтқарып қана қоймай, қаскөйлердің өзін қалай сан соқтырып кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: