Мьянмада құлдықтан босатылған ресейлік бойжеткен тағы да жоғалып кетті

Құлдық, Мьянма, ресейлік бойжеткен, БАӘ, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2026 12:19 Сурет: freepik
Мьянмада көктемде құлдықтан босатылған ресейлік бойжеткен Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) тағы жоғалып кетті. 2026 жылғы 1 тамызда бойжеткен Дубайдағы танысына заттарын қалдырып, Шарджаға таксимен кеткен, содан бері онымен байланыс үзілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғалып кетер алдында ол анасына "Мен жындыханадамын" деген сөзі бар үш секундтық видео жіберіп үлгерген, содан кейін әлеуметтік желідегі парақшасын бұғаттап тастаған. Анасының айтуынша, Дарьядан психикалық ауытқу анықталған, соның салдарынан ол өзін басқа есіммен атап, өзі туралы жалған ақпарат беруі мүмкін, деп жазады Mash.

Бойжеткен шетелдегі модель-аудармашы туралы жұмыс хабарламасына үн қатып, Мьянмадан бір-ақ шыққан. Салдарынан ол Янгон маңындағы скам-орталықта жарты жылға жуық құлдықта болған. Дарьяның айтуынша, ондағы тұтқындарды үнемі ұрып-соғып, электр тогымен азаптап, оқшау ұстаған.

Оған ғашық болып қалған жергілікті күзетші қашуға көмектескен. Құлдықтан босап шыққаннан кейін Дарья Бангкоктағы Адам саудасы құрбандарын сәйкестендіру орталығында болып, кейін Ресейге оралады. Бірнеше айдан кейін ол БАӘ-ге аттанған.

Қыздың анасы Ресей консулдығына жүгінді. Ол Дарья психикалық ауруханадан шыққаннан кейін депортациялауға жатқызылады ма деп алаңдайды.

Бұған дейін қазіргі заманғы құлдықтың жаһандық индексі бойынша рейтингте Қазақстан қай орында тұрғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: