СІМ БАӘ-де өмір бойына сотталған қазақстандыққа қатысты мәлімет берді
Фото: pexels
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бакаев 2026 жылғы 22 сәуірде Мәжіліс кулуарында Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) өмір бойына сотталған қазақстандық азаматқа қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта азаматты экстрадициялау мәселесі қарастырылып отырған жоқ.
"Бұл – Дубай қаласының бірінші сатыдағы сотының шешімі. Апелляциялық шағым берілген, тиісті құқықтық рәсімдер жүріп жатыр. Сондықтан экстрадиция туралы әзірге сөз қозғалмайды. Барлық сот процесі аяқталғаннан кейін ғана шешім қабылданады. Бұл іс БАӘ заңнамасына сәйкес қаралады", – деді Бакаев.
Ол бұл іске адвокаттар мен Қазақстанның БАӘ-дегі Бас консулдығының өкілдері тартылғанын да атап өтті.
Журналистер қазақстандық азаматтың туыстары СІМ-ге жүгінген-жүгінбегенін сұрады.
"СІМ-ге тікелей жүгінген жоқ. Бірақ Бас консулдық олардың байланысында деп ойлаймын. Іс бойынша ауыр қылмыстар бар, сондықтан егжей-тегжейге тоқталғым келмейді. Сот шешімінде бәрі көрсетілген. Қателеспеу үшін нақты деректерге кірмеймін. Бас консулдық, әрине, көмектеседі, өйткені бұл – біздің азамат", – деді вице-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Дубайда қазақстандық азаматтың өмір бойына бас бостандығынан айырылғаны туралы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript