Қазақстандықтар шетелде басқа учаскелерде дауыс бере алады – СІМ

Референдум, выборы, избирательный бюллетень, бюллетень, бюллетени, избирательная урна, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2026 16:37 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 11 наурызда Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Мәжіліс кулуарында кей елдерде жабық болып қалған дауыс беру учаскелеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, осындай учаскелер саны – 11.

"Жалпы шетелде шамамен 14,3 мың дауыс беруші бар деп жоспарланып отыр. 10 елде 11 учаске ашылмайды, бұл – негізінен Парсы шығанағы елдері", – деді Қуантыров.

Ол жабық учаскелер салдарынан дауыс бере алмайтын азаматтардың нақты санын атау қиын екенін, бірақ бұл ақпаратты СІМ баспасөз қызметі жариялайтынын айтты.

"Мүмкіндік болса, олар басқа учаскелерде дауыс бере алады", – деп толықтырды спикер.

Бұған дейін геосаяси жағдайға байланысты 10 елде сайлау учаскелері жұмыс істемейтіні хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: