Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды

Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2026 09:38 Сурет: rmsothebys
Ferrari-дің алғашқы электромобилі Luce Монтерейде өткен RM Sotheby’s аукционында 40 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы аукцион үйінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шасси нөмірі 0 болатын бұл көлік модельдің ең алғашқы шығарылған данасы. Ferrari сатылымнан түскен барлық қаражатты The Ferrari Foundation арқылы білім беру бастамаларына бағыттайды.

Сондай-ақ бұл автомобиль аукционда сатылған ең қымбат жаңа көлік атанды. Сатып алушының аты-жөні жарияланған жоқ, сондай-ақ осы лот бойынша сатып алушыға арналған комиссия алынып тасталды.

Мәміле аяқталғаннан кейін электромобиль Италияға қайтарылады. Көлікті жаңа иесіне түпкілікті тапсыру 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

Жақында Louis Vuitton эксклюзивті екі Porsche 911моделін таныстырған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: