Ресейдегі әйел миллиардерлердің саны күрт азайды
Сурет: Telegram/Татьяна Ким
Бір жыл ішінде байлығы 1 млрд доллардан асатын ресейлік әйелдердің саны екі есе қысқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Forbes жариялаған Ресейдегі ең бай әйелдердің жаңа рейтингі көрсетіп отыр. Сонымен қатар тізімге енген әйелдердің жиынтық байлығы 6,8 млрд долларға азайған.
Рейтингте бесінші рет Wildberries компаниясының негізін қалаушы Татьяна Ким көш бастады. Алайда оның да байлығы айтарлықтай төмендеп, 4,7 млрд долларға дейін түскен. Бұл өткен жылғы бағалаудан шамамен бір жарым есе аз.
Forbes рейтингінің тағы бір ерекшелігі – биыл тізімге алғаш рет жаңа қатысушы енбеген.
Бұған дейін Қазақстантұрғындарының шетелге ақша аударуды жалғастырып жатқаны хабарланған болатын. Мәселен, маусым айында Ресейге 100,52 мың ақша аударымы жіберілген. Бұл жалпы аударымдардың 62,7 пайызын құрады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript