14 жылға созылған жұмбақ: Қазақстанда кісі өлімі ДНҚ көмегімен ашылды

Лаборатория, медицинская лаборатория, анализы, лабораторные пробирки, лаборатории, наука, исследование, исследования, лабораторные исследования, лабораторное исследование, научные исследования, научное исследование, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2026 10:47 Фото: freepik
Қазақстанда 14 жыл бұрын жасалған қылмыс ДНҚ сараптамасының көмегімен ашылды. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 27 тамызда ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

"Жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі – бұрынғы жылдары жасалған қылмыстарды ашу. Криминалистиканың заманауи мүмкіндіктері кезінде қылмыскерді анықтауға жеткіліксіз болған іздер мен заттай дәлелдемелерден бүгінде қажетті ақпарат алуға мүмкіндік береді", – деді ҚР ІІМ Оперативтік-криминалистикалық департаментінің бастығы Сергей Стихеев.

Оның айтуынша, бұрынғы жылдары жасалған қылмыстарды ашу – кешенді жұмыс. Жедел уәкілдер түрлі нұсқаларды тексеріп, байланыстар мен қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтайды. Ал криминалистер сақталған іздер мен заттай дәлелдемелерді заманауи әдістер мен технологияларды қолдана отырып қайта зерттейді.

"Осындай мысалдардың бірі – Павлодар облысында 14 жыл бұрын жасалған кісі өлімі. 2012 жылы бау-бақша серіктестіктерінің бірінің аумағында 62 жастағы әйел зорланып, өлтірілген. Сол кезде қылмыскерді анықтау мүмкін болмады. Алайда қылмысты ашу жұмыстары тоқтаған жоқ. Жедел уәкілдер мен криминалистердің бірлескен жұмысының, сондай-ақ ДНҚ есебі бойынша жүргізілген тексерудің нәтижесінде күдікті анықталды. Ол – бұрын сотталған, 1964 жылы туған ер адам", – деді Сергей Стихеев.

Оның айтуынша, жүргізілген ДНҚ сараптамасы ер адамның қылмысқа қатысы бар екенін растады.


"Ер адам кінәсін мойындады. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", – деді Сергей Стихеев.

ІІМ бұрынғы жылдары жасалған, мән-жайы толық анықталмаған қылмыстарды қайта қарап, сақталған іздерді зерттеу және криминалистикалық сараптаманың жаңа әдістерін қолдану жұмыстарын жалғастырып жатқаны атап өтілді.

2026 жылғы 16 маусымда Қазақстанның екі облысында ескі ДНҚ үлгілерінің көмегімен 20 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмыстары ашылғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: