Ақтөбеде кепілге алынып, кейін кісі қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты зейнеткер жер қойнына тапсырылды

Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты зейнеткер жер қойнына тапсырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2025 22:14 Сурет: видео скрині
Ақтөбеде үш адамды кепілге алған күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырық жастағы ақтөбелік бірнеше сағат бойы жертөледе тұтқында ұстаған зейнеткерлер қаза тауып, олардың қызы ғана аман қалған еді.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қаза тапқан қос зейнеткерді бүгін жерлеу рәсімі өтті. Қылмыс болған үйден жаназасын шығарды. 

Еске салайық, 74 жастағы қарт пен оның 67 жастағы жұбайын күдікті екі күн бұрын ұрып-соққан. Онымен қоймай, пышақпен кескілепті. Ауыр соққыдан қансыраған оларды жертөлеге қамап тастайды. Әжей сол жерде қаза тапса, қария ауруханаға жеткен соң жантәсілім етті.

Күдіктімен арадағы келіссөздің ұзаққа созылып, ақырында адам өлімімен аяқталуына қатысты тәртіп сақшыларына айтылып жатқан сын көп. Бірақ полиция департаменті оған қатысты әзірге ләм-мим демеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: